Екібастұзда коммуналдық қызметкерлерді оқыту ұсынылды

Тұрғындар үйлерді күтіп ұстауға байланысты жиі шағымдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұздықтардың бірі Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен кездесуде тұрғындардың атынан үйлер мен аулалардың нашар күтіміне шағымданды.
– Бүгінде тұрғын үй инспекциясы – тек жұмысты қадағалайтын, нұсқаулықтар жасай алатын қадағалаушы орган. Ал біз тұрғындарды осы бөлімдермен жұмыс істеу туралы құқықтарын білуге үйрете алмаймыз. Тұрғындарды оқытып, соған қоса көпқабатты үйлерге қызмет көрсету бөлігінде сервистік компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажет. Бұл үшін облыста арнайы орталық құру мүмкін бе? – деп сұрады ер адам әкімнен.
Аймақ басшысы халыққа қызмет көрсетуде түйткілді мәселелер бар екеніне тоқталды. Шынымен де, пәтер иелерінің кооперативтерді өзгерту туралы тұрғындар кеңесін жинағанда тұрғындардың өздері де қатысуға ниет білдіре қоймайды. Сондықтан әкім бұл ұсынысты оң қабылдады.
– Біз оқытуға қарсы емеспіз. Кем дегенде 18 техникалық колледж бар, онда біз үйлерге қызмет көрсету пәндерін енгізіп, өз ресурстарымыз арқылы жасай аламыз, – деді облыс әкімі.
Асайын Байханов әкімдіктің ПИК-ке қарсы шара қолдана алмайтынын еске салды. Тұрғын үй инспекциясының мұндай өкілеттіктері жоқ, өйткені пәтер иелерінің кооперативтері мердігер ұйымдар болып табылады.