Павлодарда түнде далада ұйықтаған үш адамды полиция оятты

Павлодарда түнде далада ұйықтаған үш адамды полиция оятты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адамдар уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары үйсіздер мен мас адамдардың үсіп қалуына жол бермеу үшін олардың болуы мүмкін жерлерді  тексереді.

– Полицейлер Мәшһүр Жүсіп көшесінде патрульдеу кезінде орындықта ұйықтап жатқан екі адамды байқап, оларды оятты. Екеуі де мас күйінде болды. Сәл кейінірек, сағат 02.15-те 102 нөміріне қоңырау түсті, Лермонтов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары үйдің ауласында мас адам жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары ер адамды тұрғызды, – дейді департаментте.

Полицейлердің жұмысының нәтижесінде күн сайын 30-ға жуық адам мас күйінде қалалық УБДО-ға жеткізіледі, 15 адам өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін қайта әлеуметтендіру орталығына жіберіледі.