Павлодарда қала ішінде азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда қала ішінде азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке 29 наурыз күні сағат 10-да басталып, 13:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, жәрмеңке Циолковский көшесі, 19 мекенжайында өтпек. 

Жәрмеңкеде қала тауар өндірушілері көкөністер мен жемістер, ет және шұжық өнімдері, жұмыртқа, сүт өнімдері және көптеген басқа да өнімдердің кең ассортиментін әлеуметтік бағамен ұсынатын болады. 

Фото: ашық дереккөздерден