Павлодар облысында алаяқтар «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен барып жүр

Павлодар облысында алаяқтар «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен барып жүр
Фото: «AMANAT» партиясы ПОФ баспасөз қызметі

Депутаттардың айтуынша, ауылдық жерлердегі мамандарға жәрдемақы тағайындау ісінде нақты әдістеме әзірлеу қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кадр тапшылығы мәселесін облыстық білім және денсаулық сақтау кеңесінің, сондай-ақ «AMANAT» әйелдер қанатының мүшесі Гүлнар Қайдарова көтерді. Ол ауылдарда медициналық мекемелер белсенді түрде салынып жатқанын, бірақ дәрігерлер тапшылығы мәселесі шешілмегенін атап өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев бұл пікірді жоққа шығармай, цифрларды келтірді.

- Өңірде 122 дәрігер жетіспесе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 167-ні құрады, былтыр облысқа 108 резидент келген, - деді облыстың бас дәрігері. – Мемлекет дәрігерлерге көтерме жәрдемақы бөледі: қалада – 3,5 миллион, ауылдарда – 8,5 миллион теңге. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттер тұрғын үй сатып алуға арзан несиелер беруде.

Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким халық қалаулыларының жастарға арналған арнайы ипотекалық бағдарламаны әзірлеу бастамасына тоқталды.

– Жастар ауылға барғысы келмейді. Ешкім пеш жағып, дәретхананың далада болғанын қаламайды. Сондықтан, ауылдағы жас маманға жаңа ғимараттан, мысалы, екі қабатты үйден: 50 пайызын мемлекет, қалғанын маман төлеп, кейін жекешелендіру арқылы пәтер берілсе деп жүрміз. Бізде ауылдық жерлерде кадрлық тапшылық өте күшті, - дейді Вера Ким.

Павлодарлықтар ауылдық жерлердегі мамандарға жәрдемақы бөлудің нақты әдістемесін әзірлеу қажет деп есептеді. Партияның әйелдер қанатының төрайымы Света Әбдіраманованың айтуынша, тек жас мамандар ғана жеңілдіктерге ие болуы керек. Облыстық мәслихат депутаты мемлекеттен материалдық жеңілдіктер алып, аудан-ауданға көшіп-қонып жүрген алаяқтарды мысалға келтірді. Оны облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук қолдады.

– «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша облыс орталығына тоғыз миллион теңге, ауылға 7,5 миллион теңге көлемінде несие бөлінуде. Ауылда жаңа үйдің салынбағанын білгендер қымбатқа баспана алып, бір-екі жыл тұрып, оны сатып, басқа ауданға қоныс аударады. Олар несиені мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Бұл қазірдің өзінде теріс жүйеге айналып жатыр, - дейді Ирина Назарчук.

2024 жылы партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 30 медициналық мекеменің 25-і салынды. Тек Мыңкөл, Ивановка, Құркөлдегі құрылысы аяқталмаған дәрігерлік пункттер, сондай-ақ Үштерек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен Ленинодағы дәрігерлік амбулатория ғана аяқталмаған.