Павлодарда тұрғындарды электр дабылы арқылы ескерту тексеріледі

Павлодарда тұрғындарды электр дабылы арқылы ескерту тексеріледі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Ол 25 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жагдайлар департаменті «Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлауда.  Осы мақсатта ертең яғни 25 ақпанда сағат 11:00-де электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен облыс тұрғындарын құлақтандыру жүйесіне тексерілу жургізеді.

- Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін «Барлығының назарына!» дегенді білдіреді. Бұл дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле – радио қабылдағыштарын қосып ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы сонымен қатар басқа да маңызды ақпаратты тыңдауы қажет, - делінген хабарламада. 

 Облыс тұрғындарынан сабырлық сақтау сұралады.