Павлодарда төтеншеліктер мен еріктілер шахматтан достық кездесу өткізді
Бәсеке «Еріктілер жылы» аясында да ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қатысушылар шахмат ойынында өздерінің жақсы дайындықтары мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, командалық рух, өзара құрмет және зияткерлік спортқа деген қызығушылықтарын танытты.
Кездесу биылғы «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен еріктілер қауымдастығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Шахмат кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар, бұл шара уақытты пайдалы өткізіп, зияткерлік спортқа қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті спортты, еріктілер қозғалысын дамытуға және қоғаммен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.