Павлодарлық спортшы қазақ күресінен Азия кубогінен жүлделі оралды

Павлодарлық спортшы қазақ күресінен Азия кубогінен жүлделі оралды
Фото: Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубынан

Жарыс Қарағанды қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кеншілер қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі өтті. 

Додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Моңғолия елдерінің мықты спортшылары қатысты.

Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубының спортшысы Мұхтар Далелханұлы +100 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.