Павлодарда такси аударылып қалды

Павлодарда такси аударылып қалды
Фото: Константин Шелков

Автокөлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде кешкі сағат 20:00 шамасында Мәшһүр Жүсіп – Рылеев көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алды. Бұл жол апатында Chevrolet Nexia көлігімен Honda автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігі аударылып қалды. 

Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.