Ертіс ауданының тұрғыны қорада марихуана сақтаған

Ертіс ауданының тұрғыны қорада марихуана сақтаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұсталған адамның есірткі партиясын қандай мақсатта сақтағаны анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Ертіс ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстады, ол өз үйінің қорасында 20 келіден астам марихуана сақтаған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар екені анықталды,  – дейді департаментте. 

Полицейлер жеке ауланың аумағында орналасқан қораның жертөлесінде тінту шараларын жүргізу кезінде қарасора иісі бар өсімдік массасымен толтырылған бес қап пен чемодан тапты.

Есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.  

Еске сала кетейік, тәртіп сақшылары жедел жұмыс барысында Аққулы ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз үйінде жабайы қарасораны заңсыз өсірген.