Павлодарда тоғыз жасар баланы көлік қағып кетті
Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Катаев көшесі бойында жүргізуші Hyundai маркалы автокөлікті басқара отырып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасын тергеумен айналысады. ЖКО таңертең орын алды.
– Шақырту сағат 10:18-де келіп түсті. Тоғыз жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясында.
Айта кетейік, бала жаяу жүргіншілер өткелінен жолды өтпекші болған.