Павлодарда автодром жаңартылады

Күрделі жөндеу сәуір айында басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылы ауданы 9,3 гектарды құрайтын «Павлодар қаласындағы автодромды күрделі жөндеу» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов айтты.
– Өткен жылы автомектеп басшылары автодромды жөндеу жөнінде бізге жүгінді, біз олардың барлық тілектерін ескердік. Сондықтан жол төсеу, қоршау, бағдаршам орнату, жарықтандыру, жол белгілерін орнату, автотұрақ пен күзет пунктін орнату жұмыстарын жүргізетін боламыз. Автодром мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағына ұқсайды, – деді спикер.
Жобаны жүзеге асыру шамамен 600 миллион теңгені құрайды. Жөндеуден кейін де автодром халық үшін тегін болады.
Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.