Павлодарда тотализаторларды жарнамалайтын билбордтарды алып тастады
Заң бұзушыларды айыппұл күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
6 қыркүйек күні қолданысқа «Жарнама туралы» заң енгізілді. Оған сәйкес ҚР аумағында букмекерлік кеңселерді және (немесе) тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынады.
– Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі жарнама агенттіктерімен бірлесіп, Павлодар қаласының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды насихаттайтын сыртқы-көрнекі жарнаманы бөлшектеу бойынша жұмыс жүргізді, – деді сәулет және қала құрылысы бөлімінің баспасөз орталығында.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 455-бабына сәйкес ҚР Жарнама туралы заңнамасын бұзу жеке тұлғаларға 60, лауазымды тұлғаларға 80, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 170, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 450 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 3692 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.