Павлодарда тозығы жеткен тағы бір көшенің асфальті жөнделді

Павлодарда тозығы жеткен тағы бір көшенің асфальті жөнделді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстар бүгін аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

— Бұл- Радищев көшесі.  Ол қаладағы ең тозған көшелердің бірі еді. Аталмыш көше Назарбаев даңғылынан Дүйсембиновтар көшесіне дейінгі учаскені қамтиды. Бүгін жөндеу жұмыстарын толық аяқтаймыз,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар, шаһар басшысы биыл облыс әкімінің қолдауымен қалада 23 көшені жөндеу жоспарланғанын атап өтті. 

Бұдан бөлек, жөндеу жүріп жатқан Ш.Шөкин көшесіндегі жұмыстарды 4 күн ішінде аяқтау көзделіп отыр.