Павлодарда трамвай өткелдеріндегі шұңқырлар уақытша жөнделеді
Толық жөндеу жұмысы күн жылына қолға алынбақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.
- Күн жылынып, қар ерігеннен кейін қаланың кейбір көшелерінде және трамвай өткелдерінде шұңқырлар пайда болуда. Трамвай басқармасына автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұңқырларды уақытша бетондау тәсілімен бітеу жұмыстарын жүргізуді тапсырдым, - деді шаһар басшысы.
Бұдан бөлек, Хасар Хабылбеков қалалық қызметтерге жолдардың жай-күйін толық тексеруді міндеттеді. Облыс орталығында тұрақты жылы ауа райы орнағаннан кейін асфальт-бетон зауыттары іске қосылып, шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталмақ.
Негізгі жөндеу басталғанға дейін шұңқырлар мен ойықтар МАК-асфальтты пайдалану арқылы уақытша қалпына келтірілетін болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram