Павлодар қалалық мәслихаты жаңа депутаттар сайлауын жариялайды

Павлодар қалалық мәслихаты жаңа депутаттар сайлауын жариялайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа үміткерлер шығып кеткен депутаттардың орнына сайланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сайлау 31 наурыз күні №2, 22 сайлау округтері бойынша өтеді.

Сайлаушылар өз сайлау учаскесін нақтылау үшін және сайлаушылар тізімінен өзін тексеру үшін +7(7182)32-33-41 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып немесе +7(708)636-03-98 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы тексере алады.

Call-орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін(үзіліс 13:00-14:30) жұмыс істейді.