Павлодарда трамвай бағаны жанында екі көлік соқтығысты

Павлодарда трамвай бағаны жанында екі көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Жол-көлік оқиғасы Ломов көшесіне қарсы жерде орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурызда сағат 08:50 шамасында Ломов көшесі, 22  мекенжайы бойынша трамвай бағанасына қарама-қарсы жерде «Daewoo Nexia» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды, - деді департаментте. 

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.