Павлодарда велосипедшіге қатысты сот үкімі шықты
Ер адам жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өткен жазда Павлодардағы ЖШС-лардың бірінде электрик болып істейтін 48 жастағы ер адам Нұрмағамбетов көшесінің бойымен велосипед теуіп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
- Жаяу жүргінші алған соққыдан бүкіл денесімен велосипедтің алдыңғы дөңгелегіне отырып қалып, кейін аударылып, желкесімен асфальтқа соғылған, - делінген Павлодардың №2 сотының үкімінде.
Зардап шегуші ауыр жарақаттармен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Ол келесі күні ауруханада көз жұмды.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының бірінші бөлігі – «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша қаралды. Велосипедшінің еркіндігі бір жыл алты айға шектелді. Сонымен қатар, ол осы уақыт ішінде қоғамдық орындарда 100 сағат жұмыс істеуі керек.
Фото: ашық дереккөздерден