Ақсуда жұмысшының денесін күйік шалды
Оқыс оқиға Ақсу ферроқорытпа зауытының №2 балқыту цехында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпорынның корпоративтік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехының газбен кесуші маманының денесін күйік шалған. Зардап шеккен ер адам 54 жастағы жұмысшы болып шықты.
Шұғыл түрде оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, зардап шеккен қызметкер Ақсудың орталық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға туралы бірден құзырлы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды.
Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен орын алу себептері анықталып жатыр. Сонымен қатар облыстық еңбек басқармасында мән-жайлар анықталып жатқанын хабарлады.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті