Павлодарда «WorldSkillsKazakhstan-2024» ұлттық конкурсында іріктеу өтеді

Павлодарда «WorldSkillsKazakhstan-2024» ұлттық конкурсында іріктеу өтеді
Фото: Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Байқау 26 наурыз - 5 сәуір аралығында өңірлік колледждер базасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 2024 жылы конкурс BabySkills (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері), JuniorSkills (мектеп оқушылары), Abylimpics (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен студенттер), AgroSkills (аграрлық колледж студенттері) және WorldSkills (әлемдік конкурстың негізгі құзыреттері) бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылады. Бұл бағыттар 2022 жылдан бастап өңірлік конкурсқа енгізілген.

Мектеп жасына дейінгі 216 және 400-ден астам оқушыға арналған конкурстар өткізілетін болады. Abylimpics бағытына арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысады.

Ағымдағы жылы аталған бағыт бойынша чемпионат облыстық колледждер базасында 26 наурыз - 5 сәуір аралығында өткізіледі. Бүгінгі таңда тоғыз құзырет бойынша 37 қатысушыдан қатысу өтінімдері келіп түсті. Ата-аналар жұртшылығы мен қоғамдық қорлар өкілдерінің қатысуы да жоспарланған.

1 сәуірден бастап, құзырет орталықтары мен колледждердің оқу шеберханаларында 243 қатысушы 50 құзырет бойынша кәсіби шеберлік деңгейін тексереді. Конкурстың негізгі бағыттары: металлургия, машина жасау, ІТ-саласы, құрылыс, сервис, білім беру, медицина, энергетика және т. б.

Биыл өңірлік конкурсқа «Торайғыров университеті» КЕАҚ студенттері алғаш рет қатысады. Студенттер «Қалыптау ісі» және «Қонақ үй ресепшионисі» құзыреттеріне қатысады. «Қалыптау ісі» құзыретіне «Engservice» ЖШС және «KSPSteel» ЖШС кәсіпорындарының жас мамандары да қатысуға өтінім берді.

Нәтижелер мамыр айында конкурстың жабылу салтанатында шығарылады.

Өңірлік конкурс жеңімпаздары облыс құрамасына еніп, «WorldSkillsKazakhstan-2024» ұлттық конкурсында өңіріміздің намысын қорғайды. 

Айта кетейік, 2022 және 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс құрамасы өңіріміздің үздік бестігінде. Қатысушылардың жетістіктерін «WorlSkillsPavlodar» Instagram парақшаларында көруге болады.