Павлодарда йога және пилатес бойынша шеберлік сағаты өтеді

Алдын ала жазылу міндетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қатысушыларды екі параллельді сабақ күтеді.
Хатха-йога – дене мен сананың үйлесіміне бағытталған классикалық тәжірибе. Жайлы асаналар, тыныс алу техникасы мен медитация арқылы ішкі тепе-теңдік пен релаксацияға қол жеткізуге болады.
Пилатес – бұлшықеттерді нығайтып, дене қалпын жақсартуға және икемділікті дамытуға көмектесетін жаттығу.
– Денеңізді шынықтырып, мықты әрі сымбатты болғыңыз келсе шеберлік сағатына шақырамыз. Себебі, физикалық және эмоционалдық жағдайды жақсартуға және релаксация мен стрессті жеңілдету техникасын үйренуге мүмкіндік болады, – дейді ұйымдастырушылар.
Шеберлік сағаты 23 ақпан күні, сағат 13:00-де Естай көшесі, 61 мекенжайында орналасқан Prana Club ғимаратында өтеді. Алдын ала жазылу міндетті. Тіркелу үшін 8 (778) 679 2217 нөміріне жазуға болады.