Павлодарда зағип жандар ертегілерді Брайль шрифтімен оқи алады
Облыстық кітапхананың кітап қоры қазақстандық жазушы Гүлчехра Рузыбаеваның ертегілер жинағымен толықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жазушы кітапқұмарлар арасында Jan Amany бүркеншік атымен танымал. Кітап Мәскеу басылымында Мәскеу қаласындағы «Сирень» баспасында бедерлі-нүктелі Брайль қарпінде басып шығарылды.
– Джан Аманидің негізгі мамандығы психолог болғандықтан, бүлдіршіндердің ішкі жан дүниесіне сай мейрімділік, жанашырлық, жауапкершілікке тәрбиелейтін заманауи ертегілерді жазады. Қазіргі таңда жазушының туындылары қазақ, ағылшын, орыс, итальян, араб тілдерінде жарық көрді. Енді біздің зағип және нашар көретін оқырмандарымыз талантты жазушының шығармашылығымен таныса алады, – деді С. Торайғыров атындағы кітапханада.
Бұл жинаққа Джан Аманидың он үздік ертегісі енгізілді. Олардың ішінде «Ана бүркіт өткіркөз», «Оқжетпес», «Даниялдың ғажайып әлемі», «Тоңазытқыштағы қала», «Сиқырлы дәріхана», «Қызыл бәтіңкенің басынан кешкендері» және басқалары бар.