Павлодарда жүргізуші куәлігінен айрылған азамат қайталап заң бұзды

Павлодарда жүргізуші куәлігінен айрылған азамат қайталап заң бұзды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның ендігі тағдыры соттың шешіміне байланысты болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында әкімшілік аумақты патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Honda автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде қала тұрғыны болған. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

— Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды, — деді облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Әсет Рыспаев.

«Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымы болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

Айта кетелік, жыл басынан бері полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ және көлік басқару құқығына ие емес азаматтардың көлік басқаруына қатысты шамамен 2420 деректі анықтады.