25 сәуірде Павлодар облысында күн жылы болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман болады. Түнде оңтүстік-шығыс желінің екпіні 3-8, күндіз 9-14 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 0...+5 градус жылы, аймақтың шығысында -3 градус салқын, күндіз +18...+23 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -1...-3, күндіз +19...+21 градус көрсетеді.