Павлодарда жасырын көлік жүргізген жасөспірімнің ата-анасы жазаланды
Материал сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 5.25-те тәртіп сақшылары күдік тудырған «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатты. Кәмелетке толмаған бала ата-анасынан жасырын көлік жүргізген. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері анасының рұқсатынсыз автокөлікті пайдаланған колледждің кәмелетке толмаған оқушысын тоқтатты. Заңды өкілдің мінез-құлқы сотта қаралатын болады.