Павлодарда жастар күніне орай фестиваль өтеді

Павлодарда жастар күніне орай фестиваль өтеді
Фото: Константин Шелков

Керемет кеш жағалаудағы сахнада ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен жастар күні аясында «CRMI FEST» фестивалі өткізілмек. 

Аталмыш кеш 10 тамыз күні 19:00-де орталық жағалаудағы «Ertis Рromenade» сахнасында ұйымдастырылады. 

Бұл кеште сізді талантты жас орындаушылардың концерттік бағдарламасы, аниматорлар алаңы, заманауи музыка мен би кеші күтеді. Кешті көңілді және энергетикалық атмосферада өткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.