Павлодарда жауапкершілігі жоқ ата-аналар жауапқа тартылды

Павлодарда жауапкершілігі жоқ ата-аналар жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде алимент төлеуден жалтарған 80 адам  іздестіріліп, анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының полиция департаменті алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтау жұмыстарына ерекше назар аударады және кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар әкелерді, кейде аналарды анықтау және ұстау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

Мәселен, өзінің үш кәмелетке толмаған баласына шамамен 3,5 миллион теңге қарыз болған 43 жастағы алимент төлемейтін адамның орналасқан жерін анықтадық, – дейді департаментте. Ағымдағы жылдың төрт айында алимент төлеуден жалтарып жүрген 154 адамның ішінен 80 қасақана алимент төлемеуші анықталды.

Айта кетерлігі, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқару құжатының талаптарын мәжбүрлеп орындауға бағытталған ең қатаң ықпал ету шаралары қабылданады. Заңнама нормаларын елемегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.