Павлодарда жаз уақытында еңбек ететін оқушылар саны артқан
1-10-сынып оқушыларының 92,6% жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, бюджеттен тыс жұмыс орындарында өздігінен еңбек ететін оқушылар саны 3000-нан асады (2022 жылы – 1109 оқушы, 2021 жылы – 1735 оқушы).
Мектеп жанындағы лагерьлердің салтанатты ашылуы 3 маусымда өтеді. «Жаз-2024» жобасы аясында 48 мыңнан астам 1-10-сынып оқушысын жазғы демалыспен және жұмыспен қамту жоспарлануда.
Жаз мезгілінде қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жасақтарда 561 оқушы жұмыс істейді. Олардың жалақысы 42500 теңгені құрайды.
Үш айдың ішінде жоғары сынып оқушылары қалалық кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылады: «Детки конфетки» логопедиялық білім беру орталығында – төрт оқушы, «Ефтемес» жеке кәсіпкерлігінде – 30, «ТПБ Агромир» ЖШС-нде – екі, «Saigu Travel» ЖШС-нде – екі, «Павлодар-Реактив» ЖШС-інде – екі, «Revenue» жеке кәсіпкерлігінде – 4, «Рубиком» ЖШС-нде – 40.