Павлодар облысы автобус тасымалы құны өскен өңірлер қатарында

Павлодар облысы автобус тасымалы құны өскен өңірлер қатарында
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде  490 млн жолаушы автобус тасымалын пайдаланды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артық.

Өңірлік бөліністе жолаушылардың басым бөлігі Алматыға автобустармен тасымалданды: 125,9 млн, жылдық өсім – 3,3%. Екінші және үшінші орындарда Астана (82,9 млн жолаушы, плюс 40,5%) және Қарағанды облысы (37,1 млн, минус 0,9%) болды.

Ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша ҚР бойынша автобус тасымалының құны жылдық динамикада орташа есеппен 9,3%-ға өсті. 

– Бұл ретте кейбір өңірлерде: Ұлытау облысында – 33,3%-ға, Алматыда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 25% қымбаттағаны байқалды. Қызылорда облысын қоспағанда, қалған өңірлерде бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды, бұл аймақтарда баға 5,6%-ға арзандаған, – деп жазылған хабарламада. 

Жолаушыларды автобустармен тасымалдау бойынша  ең төмен көрсеткіш Ұлытау (4,8 млн), Түркістан (5,8 млн) және Алматы (6,8 млн) облыстарында  тіркелді. 

Компаниялардың автобустармен тасымалдаудан түскен табысы бір жыл бұрынғы 40,9 млрд теңгеге қарағанда 52,5 млрд теңгеге жетті. Кіріс өсімі құндық мәнде 28,3% құрады. Автобустармен тасымалдаудан түскен кірістердің үлесі автомобиль және қалалық электр көлігі секторындағы жалпы кәсіпорындар табысының 57,7% құрады.

Автобустармен тасымалдаудан көбінесе Алматы (9,9 млрд теңге), Астана (6,6 млрд теңге) және Шымкент (5,5 млрд теңге) компанияларында жоғары табыс түскені байқалады. Ал Жетісу (655,3 млн теңге), Қызылорда (844,2 млн теңге) және Абай (972,8 млн теңге) облыстарында керісінше төмендеу.