Павлодар облысында 100 мың текше метрге жуық қарғын су сорылды

Павлодар облысында 100 мың текше метрге жуық қарғын су сорылды
Фото:pixabay.com

Өңірдегі бақылауда тұрған 10 аймақта тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірдің сағат 08:00-дегі жағдайы бойынша Успен ауданының Чернорецк-Ольгино-Успен және аудандық маңызы бар Ақтоғай ауданының Жолболды-Шелекті автожолдарын су басты. Елді мекендердегі су тасқынына қарсы 10 учаскесі бақылауда. Атап айтқанда, Ақсу қаласы, Ақтоғай, Тереңкөл, Успен, Ертіс, Шарбақты аудандарындағы учаскелерде тәулік бойы су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілуде.

– Өткен тәулікте 98 885 текше метр еріген су сорылды, 4130 дана қапшық салынды, 2010 тонна инертті материал төселді, – деді департаментте.

Облыс бойынша ТЖД, жергілікті атқарушы орган, жол қызметі және полиция департаментінің күштерімен барлығы 399 адам, 130 техника, 44 мотопомпа, екі жүзу құралы жұмылдырылды.

Өңірде су тасқынына қарсы жағдайлары бойынша бірыңғай шешім қабылдау және үйлестіру мақсатында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Аталмыш штабтар облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)