Павлодарда жазасын өтеп жатқандардың жақындары колониядағы жағдаймен танысты
Қауіпсіздігі ауыр және аса ауыр №45 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жазасын өтеп жатқандар үшін бұл күні туыстарымен кездесуге мүмкіндік бар.
– Бүгін маған анам мен әпкем келді. Біз бір-бірімізді өте сирек көреміз, өйткені олар Ақтауда тұрады. Олардың маған жиі келуге мүмкіндігі жоқ. Бірақ бұл жолы олар маған қонаққа келгеніне өте қуаныштымын. Мен өте бақыттымын – деді сотталғандардың бірі.
Мекеме қонақтары үшін экскурсия өткізілді. Олар мекеменің өндірістік аймағына, асханаға, медициналық бөлімге, сондай-ақ тәрбие жұмыстары мен жатын бөлмелеріне барды. Бұл жолы колонияға сотталушылардың 40-тан астам туыстары келді. Бұл көптен күткен кездесуге сотталғандар өте мұқият дайындалды.
– Біз тоқсан сайын ашық есік күнін өткіземіз. Сотталғандар мен олардың туыстары бұл туралы біледі және бұл күнді өте күтеді, – дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Арман Жусупов. – Заң бойынша сотталғандардың қысқа мерзімді кездесулерге мүмкіндігі бар, бірақ туған адамын құшақтап, қасында отыруға, көзіне қарап сөйлесу, бұл әрине мүлдем басқаша сезім.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ашық есік күні сотталғандарға ықпал етудің көтермелеу шарасы ретінде пенитенциарлық жүйеде сәтті қолданылатынын атап өтті.