Павлодарда жаңа жылы аялдамалар қойылады

Павлодарда жаңа жылы аялдамалар қойылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар адам көп жиналатын жерде орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығында 12 жылы аялдама павильоны бар, оның төртеуі кәсіпкерлердің есебінен пайда болды. Қалада көбінесе фаст-фуд нүктелері жылы аялдамаларды орнатып береді.

Бюджет есебінен орнатылған жылы павильондар Торайғыров, Естай, Малайсары батыр және Қамзин көшелерінде, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан. Қала әкімдігінде халық көп жиналатын жерлерде жаңа жылы аялдамалар ашылатынын хабарлады.

– Өткен жылдың аяғына қарай Малайсары батыр көшесіндегі №41 ЖОББМ, Торайғыров көшесі бойындағы «Отау» сауда үйі және Қамзин көшесіндегі «Керуен» сауда үйінде жылы аялдамалар орнатылды. Олардың құжаттамалары рәсімделуде. Жақын арада жылы аялдамалар іске қосылады, – деді әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жабық жылы аялдамаларға шағымданған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш мәселе жоқ.