Заңғар ауылында жаңа демалыс саябағы ашылды

Заңғар ауылында жаңа демалыс саябағы ашылды
Фото: «Нива» газеті

Бұрын бұл жерде ештеңе болған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа инфрақұрылымдық нысан ауыл тұрғындары үшін дер кезінде және көптен күткен сыйға айналды. Мердігер тас кеспені төсеп, жайлы орындықтар мен заманауи шамдар орнатты.

– Енді барлық мәдени шаралар осында өтеді. Ыңғайлы әрі әдемі саябақ көрікті орынға айналады. Мерекеге орай мұнда алғашқы концерт қойылып, аудандық мәдениет үйінің әртістері өнер көрсетті, – деді аудан әкімдігінде.

Заңғар ауылының тұрғындары бұл оқиғаны қуанышпен қарсы алып, өз ауылында көп жылдардан бері алғаш рет мереке осындай жарқын, көңілді өткенін мойындады. Жергілікті тұрғындар жаңа саябақты ауылдың нағыз сәні деп атады.

«Нива» газетінің материалы негізінде