Железин ауданының қай ауылдарында кентішілік жолдар қалпына келтірілді?

Железин ауданының қай ауылдарында кентішілік жолдар қалпына келтірілді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалпы 14 көшеге асфальт төселді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биыл Железин ауданында 30 шақырым жол жөнделді. «Аза» ЖШС мердігерлік ұйымы аудандық маңызы бар «Железин-Веселая Роща-Мыңкөл» жолының екі учаскесін, Башмачное-Озерное жолын Алакөл ауылына дейін және Еңбекші ауылына кіреберісті қалпына келтіру жұмыстарын орындады.Прииртышск, Михайловка, Еңбекші ауылдарында кентішілік жолдар төселді.Мысалы, Прииртышск ауылында 8 көше, ал Еңбекші ауылында 4 көше асфальтталды.

«BS-Stroy Company» ЖШС Аққайың және Моисеевка ауылдарына кірме жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы Павлодар филиалының мамандары биыл жасалған жөндеу жұмыстары мен жол-құрылыс материалдарының сапасын тексерді.

–  Железин ауданының жөнделетін нысандарына біз 27 рет барып, жол-құрылыс материалының 132 сынамасын алдық. Барлық сынамалар филиалдың стационарлық зертханасында олардың сапалық сипаттамасын анықтауға сыналды, деді сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің бастығы Марат Уәлиев.

Жол зертханасында сынау кезінде іріктелген 9 сынама норма талаптарына сәйкес келмеді. Тапсырыс берушінің атына мердігер ұйым оларды жою үшін анықталған бұзушылықтар туралы хаттар жолданды.

Жоспарланған нысандарды жөндеу бойынша барлық жұмыстар мерзімінде аяқталды.

2024 жылы филиал мамандарымен барлығы 629 инспекциялық шығу жасалды, 1 949 жол-құрылыс материалының сынамасы алынды. Сынақ нәтижелері бойынша 208 сынама нормаларға сәйкестіктен өткен жоқ.

Барлық анықталған ақаулар мердігерлік ұйымдар есебінен жойылады.