Павлодарда жаңартылған жылу магистралі іске қосылады

Павлодарда жаңартылған жылу магистралі іске қосылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

№20 жылу магистралінің ауқымды қайта құрылуы аяқталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жұмыстарды 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде «Павлодарские тепловые сети» ЖШС мамандары жүргізуде.

– Қайта құру жобасы екі жылға есептелген. Бірінші кезең өткен жылы аяқталды – ол кезде Қамзин мен Ворушин көшелері арасындағы жылу желісінің учаскесі ауыстырылды. Ломов көшесі бойымен Ворушин көшесіндегі П-тәріздес компенсатордан бастап жаңа құбырлар өткізіліп, №1 сорғы станциясы аумағынан тыс жерде орналасқан НО-52 қозғалмайтын тіреуге дейін жылу магистралін салу жұмыстары тәмамдалады. Бұл нүкте жобалаудың шекарасы болып саналады, –дейді «Павлодарские тепловые сети» ЖШС пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов.

Жаңартылған ТМ-20 жылумен жабдықтау жүйесіне осы жылыту маусымында қосылады. Бұл қаланың орталық бөлігінде жылуды беру сенімділігін арттыруға және желінің гидравликалық тәртібін жақсартуға көмектеседі.

Еске сала кетейік, биыл мамырдың соңында Үкімет отырысында аймақ басшысы Асайын Байханов жылумен қамту бойынша жоспарлармен бөліскен болатын. Ол төрт ірі жоба іске асырылады деп айтқан – Павлодар қаласында №5 сорғы стансасын және ТМ-20А жылу магистралін салу, Екібастұз қаласында ТМ2 және ТМ7 жылу магистральдарын қайта жаңарту.