Май ауданының бұрынғы әкімі енді облыстың ауылшаруашылығы басқармасын басқарады
Оны ұжымға бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов таныстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңір басшысының өкімімен Павлодар облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Марат Ақтаева тағайындалды.
- Марат Қамзаұлының қаржы және несие мамандығы бойынша мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесі бар. Мемлекеттік қызметте жалпы өтілі тоғыз жылдан асады", - делінген хабарламада.
Марат Ақтаев 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2006 жылы ИнЕУ-ді қаржы және несие мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылы экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды. Әр жылдары ол кәсіпкерлікпен айналысты, банкте жұмыс істеді.
Ақсу қаласында кәсіпкерлік бөлімді басқарды.
Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысы және Ертіс ауданы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.