Павлодарда Ертіс өзенінің сол жағалауында эко-қалашық салу жоспарлануда
Облыс әкімдігінде жалпы инвестиция көлемі 18 миллиард теңгелік екі жоба қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында туристік жобаға қатысты қазіргі уақытта «KAZAKH INVEST «Ұлттық компаниясы» АҚ қатысуымен инвестициялық келісім пысықталуда.
– Ең маңыздысы – бұл жобаның экологиялық бөлігі, қоқысты шығару, сумен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет, – деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, Шарбақты ауданында қуаттылығы тәулігіне 1200 тонна май тұқымын өңдейтін май-экстракция зауытын салу жоспарлануда. Өнімнің негізгі түрлері күнбағыс майы мен күнжара болмақ. Кәсіпорында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
– Штабта жобаны қаржыландыру, болашақ зауыт аумағынан жақын жерде өтетін теміржол тармағының мәртебесін өзгерту, инженерлік желілерді жүргізу, сондай-ақ, күнбағыс өсіруге ауыл шаруашылығы жерлерін беру мәселелері талқыланды, – делінген хабарламада.
Барлық талқыланған сұрақтар бойынша Асайын Байханов жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Фотоларды түсірген Валерий Бугаев.