Павлодарда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Павлодарда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Фото:pixabay.com

Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков қол қойған құжатта облыс орталығында және оның маңындағы елді мекендердің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы жазылған. Жоба жуырда болған дауылдың салдарын жою үшін жарияланды.

– Қолданыстағы заңнаманы және Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы  11 қаңтардағы № 1 хаттамасы негізінде Павлодар қаласының, Ленин кентінің, Павлодар, Мойылды, Жетекші ауылдарының және Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын,– делінген жобада.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар қатты желдің салдарынан облыс орталығында кейбір тұрғын үйлер жарықсыз қалып, орталық алаңда тұрған бас шырша құлаған болатын.