Павлодар-Семей тас жолында төрт бала жол апатына түсті
Апат кезінде көлікте болған 35 жастағы әйел тексеруден бас тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, бірден төрт бала 13 қыркүйек күні түстен кейін Новоямышево ауылының маңындағы Павлодар - Семей тас жолында болған жол апатында зардап шеккен. Жолда көлік аударылып, 9 және 11 жастағы ұлдар мен екі және 14 жастағы қыздар түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
– Сағат 15.55-те жедел медицина қызметінің қызметкерлері балалардың облыстық аурухананың травматологиялық пунктіне жеткізді. Оларды кезекші травматолог тексерген. Екі бала травматология бөлімшесіне жатқызылды. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізіледі. Екі бала ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, амбулаториялық бақылауға алынды, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
2009 жылы туған қыздың оң жақ бұғанасы сынған. 2015 жылғы балада бас сүйегінің жабық жарақаты, миының шайқалуы тіркелді. Екеуі де травматология бөлімшесіне жатқызылды.
2022 жылы туған қыз түрлі жарақаттар алған, 2012 жылы туған ұлдың қас аймағы көгерген, екі қолының білезіктері жарақаттанған.