Павлодарда жетім қызды зорлаған үш тұрғын сотталды

Павлодарда жетім қызды зорлаған үш тұрғын сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Топпен зорлау ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аталған іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық отырыста  қаралды. Павлодар облысының 19, 22 және 24 жастағы үш тұрғынына қатысты іс қозғалған еді. Олар  барлығы Ертіс ауданында туылған.

Соттың шешімімен 19 жастағы тұрғынды 16 жасар жетім қызды зорлағаны үшін 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айырды. Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналыса алмайды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу алмайды.  Сондай-ақ, сотталушыдан жәбірленушіге моральдік зиян келтіргені үшін 8 миллион теңге өтемақы алынатын болады. 

Тағы екі айыпталушы 22 мен 24 жастағы тұрғынды ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылды. Олар төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізеді. Үкім күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды – қамауда ұстау.

– С. және К.-ға қатысты балама жаза тағайындау және бұлтартпау шараларын қарастыра отырып, сот олар түзелуі қоғамнан оқшауланған жағдайда ғана мүмкін деп шешті. Қыз секіріп кетті. Сіздер ештеңе болмағандай  қылмыс орнынан қашып кеттіңіздер. Кінәні ішінара мойындасаңыз да, жедел жәрдем шақырған жоқсыз. Көмек болған жоқ.  Барлық іс-әрекеттеріңіз осындай жазаға әкеп соқтырды, – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрешісі Бақыт Нұрланов.

Үкім заңды күшіне енбеді. 

Еске сала кетейік, былтырғы жылдың шілде айында 16 жастағы қыз бала туған күнге барып, отырыстан кейін өзінің әпкесіне үйіне қонуға шыққан. Жолда адасып, әпкесінің таныстарын кездестірді. Олар оған такси шақырып үйге жеткіземіз деп уәде берген, алайда үш жігіт жасөспірім қызды алаяқтық жолмен пәтерге кіргізіп, зорлаған. Байғұс қыз қорлыққа шыдамай үйдің 10-шы қабатынан секірген. Ол ағаштардың үстіне құлағандықтан аман қалған, алайда қатты зардап шеккен. Бірнеше ай бойы ауруханада жатқан. Екі күдіктіні былтырғы жылдың шілде айында, ал үшінші күдіктіні қаңтарда қамауға алды.