Павлодарда Жеңіс күніне орай патриоттық шеру онлайн түрде өтеді

Павлодарда Жеңіс күніне орай патриоттық шеру онлайн түрде өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы бар ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Арнайы құрылған бірыңғай платформада https://batyrlargatagzym.el.kz/ «Ер есімі – ел есінде» патриоттық шеруі онлайн форматта ұйымдастырылады. Платформада Қазақстанның әрбір тұрғыны қатысып, ата-бабаларының ерлігі туралы ақпаратымен бөлісе алады.

– Г. Потанин облыстық тарихи-өлкетану музейінің ресми инстаграм-аккаунтында «Ер есімі – ел есінде» онлайн акциясын ұйымдастырады. Онда Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің суреттері мен деректері күнделікті жарияланады,– деді қалалық ішкі саясат бөлімінде. 

Тұрғындар онлайн-акцияға музейдің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына  @pavl_muzei ақпаратты жолдап, қатыса алады. Қосымша сұрақтарды 61-81-37 телефон нөмірі арқылы сұрап, білуге болады.