Павлодарда жылдам шахматтан облыстық чемпионат өтеді
Шахмат сүйер қауым жарысты қолдауға шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
6 қаңтарда сағат 10:00-де Павлодарда ардагерлер арасында жылдам шахматтан Сенат Кубогы – 2026 турнирінің 1/8 финалы ұйымдастырылады.
Облыстық турнир дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан шахмат федерациясы облыстық филиалы, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен өтеді.