Павлодарлық желаяқ Филиппиннен жүлделі оралды

Павлодарлық желаяқ Филиппиннен жүлделі оралды

Ол атлетикадан өткен Азия чемпионатында ел намысын қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Қызылағаш ауылының тұрғыны Светлана Лаптева 55-59 жас санатында 200 метрге жүгіру мен ұзындыққа секіруден күміс және 200 метрге жүгіруден қола медальға қол жеткізді.  

Спортшы М.Мәметова атындағы мектепте спорт нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Оның тәрбиеленушілері аудандық, облыстық және республикалық спорттық жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері.