Павлодарда жұмыссыз жастарға арналған жәрмеңке өтеді

Павлодарда жұмыссыз жастарға арналған жәрмеңке өтеді

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 10 наурыз күніне жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығы мәлімдеді.

- Жәрмеңкенің мақсаты - жастарды тұрақты әрі нәтижелі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, олардың әлеуметтік жағдайын дамытуға бағытталған. Шара жұмыс берушілердің қызметкерлерді іріктеу нысаны, жұмысқа орналасу тәсілі, кездесу, жиналыс түрінде өткізіледі. Әрі жұмыс берушілер мер іздеушілердің тікелей тілдесуі арқылы өтеді, - делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 10 наурыз күні, сағат 11:00-де жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.

Жұмыс берушілер ретінде өңірдегі ірі өнеркәсіптік зауыттары, мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ коммерциялық ұйымдары, олардың қатарына Kaspi.kz, "БАТЫР Павлодар" ЖШС, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі және басқа ұйымдар кіреді.

Жәрмеңке туралы ақпаратты қосымша мына телефондар арқылы білуге болады: 8 (7182) 66-12-52, 66-12-43, 8 776 815 11 98