Павлодар облысында бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Павлодар облысында бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Фото: pexels.com

Іс-шараға алимент бойынша және мемлекет алдында борыштары бар азаматтар шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12, 15 сәуір күндері облыс аумағында төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі:

12 сәуірде жәрмеңке: 

  • Павлодар қаласында, Лермонтов көшесі, 53 мекенжайы бойынша сағат 11:00-де және Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, «Екібастұз қаласының Карьер орталығы» филиалы сағат 11:00-де;

15 сәуірде жәрмеңке: 

  • Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 / А – «Ақсу қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 11:00 сағат;
  • Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 27, сағат 11:00-де; 
  • Железинка ауданы, Железинка ауылы, Сәтбаев көшесі, 9, сағат 12:00-де;
  • Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97, сағат 11:00-де;
  • Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 128-үй, сағат 11:00-де; 
  • Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Амангелді көшесі, 84а, сағат 11:00-де;
  • Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 24, сағат 11:00-де;
  • Успен ауданы, Успен ауылы, Милевский көшесі, 65, сағат 11:00-де;
  • Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Чайко көшесі, 39, сағат 15:00-де өтеді.