Павлодарда жол апаты салдарынан екі сәби ауруханаға жеткізілді

Павлодарда жол апаты салдарынан екі сәби ауруханаға жеткізілді

Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз  қызметінің мәліметінше, 30 қаңтарда сағат 12.30-да  Катаев көшесі, 60/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің алдында Mitsubishi Outlander және ВАЗ-21114 көліктері соқтығысты. 

– Салдарынан ВАЗ-21114 автокөлігінің жолаушылары: кәмелетке толмаған 2020 және 2022 жылдары туған екі сәби түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады  департаментте. 

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, көліктер айып тұрағына қойылды.

Облыстық жедел жәрдем станциясында балалардан бөлек, 36 жастағы әйел  бірінші қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.  

Шақырту сағат 12.24-те түскен. Жедел жәлдем көлігі  оқиға орнына бір минутта жеткен. 

Фото: Константин Шелков