Павлодарда жол апатында зейнеткер зардап шекті

Павлодарда жол апатында зейнеткер зардап шекті
Фото: Константин Шелков

Жол-көлік оқиғасы Тостой көшесі – Назарбаев даңғылында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурызда сағат 11.50-де Toyota Land Cruiser 200  мен Chevrolet NIVA көліктері соқтығысты. 

– Салдарынан  екінші көліктің 66 жастағы жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, – деп хабарлайды департаментте. 

 Жол апатына қатысты тексеріс жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.