Тас лақтырды: Павлодарда бейтаныс жігіт қыздардың мазасын алды

Тас лақтырды: Павлодарда бейтаныс жігіт қыздардың мазасын алды
Фото: pxhere.com

Ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңір тұрғыны әлеуметтік желіде бейтаныс адамның құрбысы екеуінің мазасын алғанын жазған. Олар оны видеоға түсіре бастағанда жігіт ашуланып, тас лақтыра бастаған. Қыздар бұрыш спрейін шашып, қорғануға  тырысқан. 

Кадрларда тастың қыздардың біріне тигенін көруге болады. Жігіт екінші тасқа қолын созған кезде видео үзіліп кетеді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде аталған факт тіркелгенін хабарлады. 

– Ер адамның жеке басы анықталды. Оны ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деді облыстық полиция департаментінде.