Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған шетелдік көлігінен айырылды

Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған шетелдік көлігінен айырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол бірнеше күннің ішінде жарты миллион теңгенің айыппұлын арқалаған,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодарлық тәртіп сақшылары прокуратурамен бірлесіп айыппұлдарды өндіру бойынша ауқымды рейдтер жүргізді. Бұл ретте ерекше назар шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне аударылды. Өйткені кейбір жүргізушілер шетелдік тіркеу жауапкершіліктен босатады деп ойлайды.

Патрульдеу барысында Porsche Panamera 4 көлігі тоқтатылды. Элиталық спорткардың тізгінінде көрші елдің азаматы отырған. Тексеру барысында жүргізуші нағыз «рекордшы» екені анықталды. Ол бірнеше күн ішінде шамамен 500 мың теңгенің айыппұлын жинап үлгерген. Негізінен жылдамдық режимін өрескел бұзғаны анықталды.

Айыппұлды уақытында төлемегендіктен, оның көлігі бірден арнайы айып тұрағына жеткізілді. Енді жүргізуші Porsche-ін мемлекет алдындағы қарызын толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады.