Екібастұзда заңсыз қоқыс тастаған 50-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды
Ағымдағы жылы шамамен 4300 тонна қоқыс жойылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин өткен жылдың өзінде 20-ға жуық жабайы қоқыс алаңы жойылып, 3500 тоннадан астам қоқыс шығарылғанын мәлім етті.
– Ағымдағы жылы 23 ұйымдастырылмаған қоқыс үйінділері жойылды, бұл – шамамен 4300 тонна қоқыс, – деді әкім. – Қоқысты заңсыз жинау айыппұл салуға әкеліп соғады. Атап айтқанда, жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК, заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК. Тек ағымдағы жылы біз 50-ге жуық адамды жауапкершілікке тарттық.
Аян Бейсекин мәселені қоғамдық қауіпсіздік камераларын толық орнату арқылы жеңуге болатынын атап өтті. Бірақ бұл айтарлықтай ресурстарды қажет етеді, қазірдің өзінде тиісті есептеулер мен жоспарлар бар.
Ол тұрғындарға Таза Қазақстан дегеніміз елдің артынан қоқыс жинау емес, өз артыңнан қоқыс қалдырмау керек екенін еске салды.