Павлодарда жол жұмыстарымен айналысқан мердігерге айыппұл салынды

Павлодарда жол жұмыстарымен айналысқан мердігерге айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол жер қазу жұмыстарынан кейін құрылыс қалдықтарын қалдырып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылығы бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні бөлім мамандары облыстық полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Н.Назарбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысында мердігер ұйымы жер қазу жұмыстарынан кейін жол бөлігін ластаған аумақтарға тексеріс жүргізді.

Мердігерлік ұйым 15 айлық есептік көрсеткіш (55 мың 380 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Мүткенов көшесі бойында жер қазу жұмыстарын қажетті жол белгілерін орнатпай жүргізген коммуналдық қызметтердің бірі 15 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.